Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда басшысынан кек алмақ болған ер адам жарылғыш қойғанын мәлімдеді

Атырауда басшысынан кек алу мақсатында полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген ақтаулық ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгісіз ер адам 17 шілде күні полицияға қоңырау шалып, құрылысы аяқталмаған зауыттардың бірінде жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

Оқиға орнын полиция қызметкерлері дереу қоршауға алып, жарылғыш затты залалсыздандыратын мамандар мен қызметтік иттер арқылы тексеруге кіріскен. Алайда нысан аумағынан ешқандай жарылғыш зат табылмады.

Атырау облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары кезінде қоңырау шалған 38 жастағы ер адамның жалған хабарлама бергенін анықтады.



Күдікті соңғы төрт жыл бойы қала аумағында қызмет атқарып жүрген Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам бұрын сотты болған. Ол өзін жұмыстан босатқан басшысынан өш алмақ болып, жалған хабарлама бергенін айтып ақталды.

Қазіргі уақытта оған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Талқылау