Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда әйелінің кәсібіне "қамқор болған" шенеунік өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңіраралық байланыс инспекциясы басшысының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтар нашар жұмыс істейтін әкімдерді қызметінен ала алады

Бұл туралы ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді. 

"Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ басшысының міндетін атқарушы И. Қошалиевке қатысты кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады", - делінген баспасөз-хабарламасында.

Қошалиев мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлға бола отырып, белгіленген тыйымға қарамастан, байланыс саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жұбайына тіркелген. 

«Ғасыр Қазсвязь» ЖШС-ін басқаруға және осы ЖШС-не артықшылықтар мен қамқорлық көрсете отырып, байланыс саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған.

Ағымдағы жылғы 26 желтоқсанда Атырау қалалық № 2 сотымен И. Қошалиев заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысқаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен 1 млн. 262 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салыныпты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр