Атырауда автобуста кондуктор мен жолаушы әйел төбелесіп қалды (видео)
Атырауда автобуста кондуктор мен жолаушының ұрысып, артынша төбелескені видеоға түсіп қалды. Оқиғаның видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Хабарланғандай, оқиға 11 шілдеде №14 бағыттағы автобуста орын алған.
Видео кадрларынан автобус кондукторы мен егде жастағы әйелдің ұрысқаны көрінеді. Артынша жолаушы кондукторды пакетпен ұра жөнелді. Өз кезегінде кондуктор да өзін ұстай алмай, ұруға кірісті.
Атырау облыстық полиция департаменті видеоны тексеріп жатыр.
«Аталған дерек 11 шілдеде қалалық полиция басқармасында тіркелді. Қазір тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Мұндай дерек бойынша шағым түскен жоқ», дейді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Атырау әкімдігі оқиғадан кейін кондуктордың жұмысынан босатылғанын мәлімдеді.
Талқылау

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
Жанна кез келген адам жарына адал болу үшін өзінің диагнозын айтуға міндетті деп санайды

Таеквондодан бас бапкер жалған құжат жасап, жасөспірімдер жарысына қатысқан: Министрлік оны жауапқа тартпаған
Бапкер жарысқа 2001 жылы қатысқан