Атырауда автобус мектеп жанында жасөспірімді қағып өлтірді
Фото: Ru.freepik.com
Атырауда қоғамдық көлік 15 жастағы баланы қағып кетті. Жасөспірім ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 30 күні Тасқала шағынауданы Центральная көшесінде мектеп жанындағы аялдамада болған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше,15 жасар бала автобус аялдамасының жанында тұрып жолдан өтпек болғанда көліп қағып кетті. Ауыр соққа салдарынан жасөспірім жедел жәрдемде көз жұмды.
“Жергілікті тұрғындар, жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіңіздер, жолдың жиегінде қозғалу кезінде аса мұқият болыңыздар. Жүргізушілер аялдамалар мен тұрғын үй аймақтарының маңында жылдамдықты төмендету қажет”, – деп сақтыққа шақырды полициия.
Қазір оқиғаға байланысты тиісті құжаттар жиналып жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген