Атырауда әуежай жолаушының келеңсіз әзілінен кейін жұмысын уақытша тоқтатып, эвокуация жасады

Атырауда жолаушы қол жүгінде жарылғыш зат бар екенін әзілдеп айтып, салдарынан әуежайдағы барлық адам эвокуацияланып, жұмыс уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция мен ҰҚК департаментінің қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялап, терминалды қоршауға алды және шұғыл қызметтерді шақырды. Тексеру нәтижесінде қауіп анықталмады.
Оқиға "Атырау – Алматы" рейсіне тіркеу кезінде болған. Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы – "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша іс қозғалды.
“Зардап шеккендер жоқ, әуежайдың жұмысы қалыпты режимде жалғасуда”, – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"