Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда ауадағы күкіртсутектің деңгейі шамадан 36 есе асып кетті (видео)

Атырауда ауадағы күкіртсутектің деңгейі шамадан 36 есе асып кетті Фото: Видеодан скрин

Атырауда ауадағы күкіртсутектің шекті мөлшері 36,6 есе артып, тұрғындар өткір иіске тұншығып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде атыраулықтар өткір иіс пен лас ауаға шағымданған соң 25 қаңтарда “Қазгидромет” мамандары атмосфералық ауаға бақылау жүргізді. Зерттеу нәтижелері бойынша қаланың бірқатар аудандарында көрсеткіштер шекті мөлшерден ондаған есе жоғары болыа шықты. Табиғи ресурстар басқармасы тиісті шаралар қолдану үшін бұл ақпараттың уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданғанын мәлімдеді. 

Үш жерден атмосфералық ауа сынамалары алынды:

  • Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылы;
  • Тасқала ауылына іргелес аумақ;
  • Химпоселок ауданы.


Зертханалық талдау нәтижелері бойынша ауада күкіртсутек концентрациясының айтарлықтай жоғарылағаны анықталды. Атап айтқанда, Тасқала ауылында рұқсат етілген деңгей 17,5 есе, оған іргелес аумақта 15 есе, ал Химпоселок ауданында 36,3 есе асып кеткен.

Сынамалар алынған кезде метеорологиялық жағдай мынадай болды:

  • Жел солтүстік-шығыстан соқты;
  • Ауа температурасы -9°C;
  • Ауаның ылғалдылығы 81% болды.

Еске салайық, былтыр жазда ауадағы күкіртсутек пен бірнеше рет өртенген қамыстың салдарынан Атырауды қара түтін басқанын айтып, шағымданған еді. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 26 Қаңтар, 2026 13:29