Атырауда ат мінгені үшін қызметінен кеткен генерал лауазымды қызметке тағаындалды
2019 жылы мамыр айында Аян Дүйсембаев қызметтік этиканы бұзғаны үшін Атырау облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды.
Қарақия ауданы әкімдігінің сайтында хабарланғандай, Атырау облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Аян Дүйсембаев Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.
1999 жылдан бастап 2019 жылға дейін Аян Дүйсембаев ішкі істер органдарында жұмыс істеді: Алматы, Астана және Атырау қалаларының жедел басқармаларының басшысы, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінде бөлім басшысы, содан кейін Атырау облысының полиция бөлімін басқарды.
2019 жылдың мамыр айының басында Аян Дүйсембаев полиция генерал-майоры лауазымына көтерілді. Бір аптадан кейін әлеуметтік желілерде видео пайда болды. Видеода мереке кезінде Аян Дүйсембаевқа атмінгізіп жатқаны көрсетілді.
Еске сала кетсек, желіде Атырау облыстық полиция департаменті басшысына қатысты видео тараған еді. Оқиғадан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, Аян Дүйсембаевты қызметінен босату ұсынылды. Артынша полиция басшысы қызметінен босатылды.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
