Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда алаяқтар Instagram арқылы 11 қаланың тұрғындарын алдаған

Атырауда Instagram арқылы бірнеше қаланың тұрғындарын алдаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 18 сәуірден бері "Anti-fraud" іс-шарасы өтіп жатыр.

"Атырау облысы полиция департаменті мен Талдықорған қалалық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері бірлескен жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қылмыстық топты ұстады. Күдіктілер Instagram әлеуметтік желісінде жалған парақша ашып, Iphone телефонын алаяқтық мақсатпен саудалаған. Қымбат маркалы телефонды нарықтағы құнынан арзанға сатып алмақ болған тұрғындар ақшасын алаяқтарға аударған. Ал, алаяқтар ақшаны қолма-қол шығару арқылы дропперлерге, кейін өздерінің есепшотына аударып отырған", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алаяқтарға алданған жәбірленушілер арасында Семей, Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Шымкент, Орал қалалары мен Ұлытау, Павлодар облыстарының тұрғындары бар.

Ұсталған 18 және 56 жастағы күдіктілер – Алматы қаласының тұрғындары.

"Күдіктілерден екі IPhone 14 және IPhone 12, IPhone 6s , Samsung, ноутбук, 12 SIM-карта, Beeline модемі, түбіртектер тәркіленді. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 2 млн теңгеге жуық екені анықталды. Қазір ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-поцестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Талқылау