Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда әкімді қаралаған белсенді үлкен сомада айыппұл арқалады

Атырауда Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов қаралаған белсенді айыппұл арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов

Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов қоғам белсендісіне қарсы өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығару жөнінде талап-арыз берген болатын.

Нәтижесінде, сот қоғам белсендісін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жала жабу" бойынша кінәлі деп танып, 434 700 теңге айыппұл салды.

Еске сала кетейік, "AQIQAT" қоғамдық қорының басшысы әлеуметтік желілерде жазба жариялап, онда Қызылқоға ауданының әкімін жалған ақпарат таратып, этикалық  нормаларды сақтамады деп айыптаған болатын. 

Қанат Әзмұханов Қызылқоға ауданының әкімі қызметіне былтыр тамыз айында тағайындалған. 

Талқылау