Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 40 миллион пара алған мемлекеттік қызметкер 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік кірістер басқармасының маманы 40 миллион пара алғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

процессСурет: "Атырауская неделя" түсірілімінен скриншот

БҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық сот экс-мемлекеттік қызметкер Рауан Жексенғалиевті кінәлі деп танып, ең жоғары қауіпсіздік колониясында өтеу жазасы үкімін шығарды.

Судья Шара Зайнуллина жауапқа тартылушының кінәсі  “пара алуға оқталу” ҚР ҚК 24 — бабының 3-бөлігінде, 366-бабының 4-бөлігінде көзделіп, дәлелденгенін айтты.

Қорғаушы тарап соттың үкімімен келіспей, шағымдануға ниетті.

Үкіммен толық келіспейміз, өйткені іс бойынша өрескел процесстік бұзушылықтар байқалды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан арандату орын алған. Міндетті түрде апелляциялық шағым береміз, — деп қорғаушы Гүлдерай Ғазизова түсініктеме берді.

Қорғаушының айтуынша, айып тек арыз жазушының сөзіне негізделген. Сонымен қатар, куәгерлердің пікірі ескерілмей, тек акті оқылған.


Қостанай облысында полиция бөлімі басшыларының ұсталғаны хабарланды


Айыпталушы пен айыптаушы бір-бірімен бұрыннан таныс. Айыптаушы кәсіпкер Қайрат  Жамангарин – “Юнекс” сауда үйі ЖШС директоры. Оның компаниясында  212 миллион теңге көлемінде үстеме ақы бар. Парақор аталмыш мәселені шешіп, салықтық тексеру актісіндегі деректерді түзету мақсатында кәсіпкерден 40 миллион теңге талап еткен.

Кәсіп иесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгініп, сол күні Жексенғалиев ұсталды. Оның көлігінен 40 миллион теңге табылды.

Іс барысында айыпталушы 4 саусағын көрсеткенін, яғни 40 емес, 4 миллион сұрағанын айтты.

Талқылау