Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 4-5 қаңтарда өткен митингіге қатысушылардың жазасы жеңілдетілді

Сот Атырауда 4-5 қаңтарда өткен митингіге қатысушылардың жазасын жеңілдетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Іс материалдарына сәйкес, әкімдіктің рұқсатынсыз өткен митингке 11 қала тұрғыны қатысып, бейбіт жиын өткізу туралы заңды бұзған.

Апелляциялық сот істерді қарау кезінде өтеу мерзімін шектей отырып, әкімшілік қамаққа алу мерзімін қысқартты.

Мәселен, бір адамды қамауға алу мерзімі 13 тәуліктен 9 тәулікке, үш адамды – 10 тәуліктен 8 тәулікке, төрт адамды – 10 тәуліктен 7 тәулікке, екі адамды – 10 тәуліктен 6 тәулікке, тағы бір адамды – 5 тәуліктен 3 тәулікке дейін қысқартты.

Талқылау