Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті соттың үкімімен ақталып шықты

Атырау облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 18 жастағы жігітке қатысты істі қарады. Ол 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап. 

зорлау

Іс материалдарына сәйкес 2021 жылы 13 жастағы қыз әлеуметтік желіде күдіктімен танысқан.Танысу кезінде ол өз жасын жасырып, 18 жаста екенін айтқан. Сонымен қатар желідегі парақшасында да 2003 жылы туған деп көрсеткен. 

"2021 жылдың тамызында олар алдын ала келісіп, пәтерде жыныстық қатынасқа түскен. Зардап шегуші кездесудегі мақсатын біліп, контрацепция заттары мен түнгі іш көйлек киіп барған. Істі қарау кезінде зардап шегушінің денесінен зорлық іздері табылған жоқ", – деп мәлімдеді ауданаралық соттың баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сот отырысы кезінде айыптаушы тарап күдіктіні кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда қыздың өзі ер адаммен жыныстық қатынасқа келісіммен түскенін айтқан. Қыздың анасы да баласының сөзімен келісіп, жігітті ақтауды талап еткен. Ал жігіт қыздың қанша жаста екенін білмегенін мәлімдеді. 

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр