AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 100-ге жуық маман еліміздегі алғашқы Урбанистер форумында бас қосты

23 қарашада Атырау қаласында "URBATHON Atyrau" Қазақстанның урбанистер форумы өтті. Форумның мақсаты - Қазақстан урбанистерінің сараптамалық қауымдастығын біріктіру, тәжірибе алмасу, урбанистикадағы озық тәжірибелер мен трендтерді ұсыну.  

Форум ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ, "Q88" Қазақстанның Урбанистер Қауымдастығы және Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетімен ұйымдастырылды.

Қазақстан мен Ресейден келген спикерлер, олардың ішінде урбанистер, сәулетшілер, ірі құрылыс салушылар мен әкімдіктердің өкілдері қаланы жоспарлаудың маңызды мәселелерін, қалаларды кешенді салу тұжырымдамаларын, Атырау қаласының экологиясын, әлеуметтік секторын және көлік қауіпсіздігін, сондай-ақ қала тұрғындарын шешімдерді қабылдауға және өңірде коммуникацияны құруға, қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және көшелерді қауіпсіз және ыңғайлы жоспарлауға тарту мәселелерін қозғады. 

"Бүгінгі таңда біз жайлы қалалық ортаны дамытуда жаңа стандарттарды жасау қарсаңында тұрмыз. Бүкіл әлемдегі урбанистер: қалаларды салуға деген кешенді тәсілдің – адамдар бақытты өмір сүретін жерді құрудың кілті болып табылатынымен келіседі. Қазақстанда ойластырылған, экологиялық таза және жайлы шағын аудандардың құрылысы қала тұрғындарының өмірінде жаңа сәтті ашады", – дейді "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Рустам Исаев.

Соңғы жылдары урбанистика Қазақстанда қарқынды дамып келеді, себебі қазақстандықтардың 60%-дан астамы қалаларда тұрып жатыр. Осыған байланысты, сауатты қалалық және көліктік жоспарлауға, экология, туризм салаларында қалаларды дамытуға, барлық азаматтар үшін қалалық ортаның қолжетімділігіне, демалуға арналған бос уақытты өткізетін алаңдарға, спортпен айналысуға көбірек көңіл бөлінуде. Алайда, қала басшыларынан бастап тұрғындарға дейін әркімнің қатысуын талап ететін мәселелер әлі де көп.

"Қазақстанда жыл сайын қала халқының өсімі 240 мың адамды құрайды. Бұл қарқынды ұстап тұру өте маңызды. Себебі 240 мың адамды ұстауға 110 млрд теңгеден астам қаражат қажет және бұл қаражат тек ұстауға арналған, ал егер инфрақұрылымдық шығындарды - балабақшалар, мектептер, ауруханалар және т.б. қосатын болсақ, бұл көрсеткіш 1.1 трлн теңгені құрайды. Бұл қалаларға түсетін қысымның бағасы", – дейді "Q88" Қазақстан урбанистер қауымдастығының төрағасы Ерлан Әукенов.

Форумға әр түрлі салалардан 100-ге жуық маман, соның ішінде сәулетшілер, ландшафт дизайнерлері, әлеуметтанушылар, университеттердің өкілдері және басқалар қатысты. Форумның тағы бір маңызды міндеті ағартушылық, зерттеу және ғылыми жұмыс, сондай-ақ урбанистика саласында жаңа білім беру бағдарламалары мен мамандықтарды енгізу мәселесі болып табылады. 

Ұйымдастырушылар осындай форумдарды Қазақстанның барлық қалаларында өткізуді жоспарлап отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр