Атырау тұрғыны өгей қызын зорлады деп айыпталды

Фото: pixabay.com
Атырау тұрғыны 5 жылдан бері өгей қызын зорлап келді деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәбірленушінің сөзінше, өгей әкесі алғаш рет 5 жыл бұрын анасы перзентханада болғанда зорлық көрсеткен. Қазір жасөспірім 17 жаста.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын растады.
“Қазір аталған оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты және тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Ішкі істер органдары заң аясында тергеу амалдарына қатысушы барлық тұлғаның құқықтары мен тергеудің объективтілігін қамтамасыз етеді”, — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген