Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау тұрғындары қаңғыбас иттерді асырауды ретке келтіруді талап етті

Атырауда қаңғыбас иттерге қарсы шыққандар мен қорғаушылар арасындағы текетірес күшейіп барады. Жануарларға адамгершілікпен қарау туралы заң күшіне енгеннен кейін қалада қаңғыбас иттер саны күрт өсті. Агрессивті жануарлардың шабуылынан зардап шеккендер иттерді қақпанға түсіруді бастауды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Жәбірленуші ересектер мен балалар дәрігерлерге жүгінген. 

“Қазір балам қаңғыбас ит тістеген кейін бір нүктеге қарап отыратынды шығарды. Психологиялық жарақат алған. Түнде секіріп, есікке қарай жүгіреді. Ол енді өмір бойына осылай ауыра ма? Қай жерге жүгінсек те мәселені ешкім шеше алмайды”,- – деді Атырау қаласының тұрғыны Әсем Байжан.

Дәрігерлердің айтуынша, биыл 70-тен астам кәмелетке толмаған баланы қаңғыбас иттер тістеп, көмек сұраған. Жергілікті тұрғындар балаларын далаға шығаруға қорқатындарын айтады. Үйсіз жануарлардың көбейгенін ветеринарлар растап отыр.



Қаңғыбас иттерге адамгершілікпен қарау туралы заң күшіне енгеннен кейін олар эвтанизациялауды тоқтатты. Бұл ретте тұрғындардың басым бөлігі заңды қолдайды. Адамдар тіпті митингіге шығып, иттерді жайына қалдыруды талап еткен. Қазір қалада аулаумен айналысатын компания бар. Бірақ олар жануардың өте агрессивті мінез-құлқы болған жағдайда ғана іске кіріседі,

“Тек агрессия көрсететін иттерді ғана ұстаймыз. Ол үшін тұрғындардың мәлімдемесі болуы керек. Содан кейін барлық ережелер бойынша акт жасалады”, – деді Атырау қалалық ветеринариялық станциясының басшысы Сатыбалды Оразгалиев.

Талқылау