Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау түрмесінде сотталғандардың арасында төбелес шығып, біреуі көз жұмды

Атырау түрмесінде сотталғандардың арасында төбелес шығып, біреуі көз жұмдыФото: Ru.freepik.com

Атыраудағы колонияда сотталғандар төбелесіп, оқиға орнында біреуі көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайыққа” сілтеме жасап хабарлайды.

22 наурыз күні түзету мекемесінде сотталғандар арасында дау шыққан. Жанжалдың соңы төбелске ұласты. Атырау облысының полиция департаменті төбелес кезінде сотталғандардың бірі көз жұмғанын растады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.



Бұған дейін Атырауда фельдшерді өлтіру ісі бойынша 19 адам сот алдында жауап беретіні туралы жазған едік. 

 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 24 Наурыз, 2026 13:55