AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %
AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %

Атырау облысының тұрғыны полицейлердің көзінше өзін пышақтап тастады

Атырау облысы Исатай ауданы тұрғынының өзіне қол жұмсау әрекеті туралы туысы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы сауда үйінде екі жасөспірім күзетшіні пышақтап кетті

Полиция жедел түрде факті расталған мекенжайға жетті. Жеке үйдің ауласында ер адам қолының және өңешінің тамырларын кесіп тастаған. Сонымен қатар, егер біреу жақындаса “өзімді өлтіремін” деп қорқытқан.

Полицейлер оның пышағын қолмен алып, зардап шеккен адамды аудандық ауруханаға жеткізді.

“Біз шұғыл шешім қабылдадық. 53 жастағы ауыл тұрғыны бәрін өзімді өлтіремін деп қорқытып, денесін біздің көз алдымызда кесе бастады. Әріптестерім учаскелік инспекторлар Ринат Қуанышев пен Есенгелді Зайнов оның назарын аударып жатқанда, мен артынан жайлап барып, пышақты алдым. Бұл өте қауіпті әрекет болды, бірақ ең бастысы – біз оның өмірін сақтап қалдық. Біз ісімізді ерлік деп санамаймыз. Ант қабылдап, халыққа адал қызмет етіп, қорғауға уәде бергенбіз”, – деді Исатай ауданы Жанбай ауылдық полиция бөлімшесінің бастығы Ринат Қарасартов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр