Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында 16 адам жаппай сушиден уланды

Атырау облысындағы Құлсары қаласында жаппай улану болды. 16 жергілікті тұрғын диарея, жүрек айну және құсу шағымдарымен орталық аудандық ауруханаға түсті. Олардың барлығы сушиге бір мекемеден тапсырыс бергені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті басылым "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

суши

27 желтоқсанда ауруханаға 10 адам түсті, келесі күні тағы алты адам. Сауалнамадан кейін олардың барлығы 25-27 желтоқсан аралығында қалалық дәмханалардың бірінде сушиге тапсырыс бергені белгілі болды.

Дәрігерлер пациенттердің жағдайын орташа ауыр деп бағалайды. Науқастар әлсіздікке, құсуға, диареяға шағымданады. Барлығының температурасы көтерілген.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізуде. Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдай туралы мәлімет жоқ екенін хабарлады.

Кафенің өзінде тағамдарды дайындау және беру тоқтатылғаны белгілі болды. Оның қызметін тоқтату туралы материалдар сотқа жіберу үшін дайындалуда.

Талқылау