Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысының әкімі балалар үйіндегілердің тұсауын кесті

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов балалар үйіндегі сәбилердің тұсауын кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін облыс басшысы мамандандырылған балалар үйінің тәрбиеленушілерін Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап барды. Әкім екі сәбидің тұсауын да кесті.

Тұсауы кесілген балақайлардың бірі ата-ана қамқорлығынсыз қалған, екіншісін мүмкіндігі шектеулі анасы орталыққа уақытша тапсырған.

"Туғанынан ана мейірімін көрмей, өсіп келе жатқан балалардың махаббат пен қамқорлыққа өте зәру екенін білеміз. Сондықтан, балақайлар жақсы отбасыдан жайлы орын тауып, туған елдің лайықты азаматы болып өскенін қалаймыз. Балаларға бүгін ғана емес, әр күн сайын мерекелік көңіл-күй сыйлап, барынша жағдай жасауымыз керек", - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Мамандандырылған балалар үйінің басшысы Райса Баймұханованың мәліметінше, мекемедегі бір баланы қайырымды отбасы асырап алған. Ал, 6-ауы өз отбасына оралған. Бір бала отбасылық үлгідегі "Шаңырақ" балалар ауылына ауыстырылған. Қазір мұнда түрлі ауруға шалдыққан 4 жасқа дейінгі 23 бала бар. Балалардың орталық нерв жүйесі зақымданған. Сөйлей алмайды. Церебралды сал ауруына ұшыраған. Мұнда 50 қызметкер жұмыс істейді. 

Халықаралық балалар күніне орай барлық тәрбиеленушіге сыйлықтар берілді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 01 Маусым, 2021 15:07
Талқылау