AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысының әкімдігі малдың қырылуына қатысты түсініктеме берді

Исатай және Құрманғазы ауданында бірнеше жылқы малының белгісіз себептен өлгені анықталған болатын. Бұл жағдайдан кейін Атырау облысының әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мал

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың айтуынша, жылқылардың не себепті өлгенін анықтау үшін 25 наурыз күні жергілікті ветеринар мамандар сынама алып, Ұлттық ветеринариялық референттік орталыққа тапсырған.

Аталған орталық жылқыларда инфекциялық анемия мен ринопневмония аурулары, яғни аса қауіпті жұқпалы аурулар болмағанын анықтады.

"Ал ветеринария мамандары олардан паразитарлық ауру белгілеріне ұқсас жағдайды байқағандықтан, облыстық ветеринариялық зертханаға да паразитарлық ауруларды анықтау үшін сынама тапсырылды. Зерттеу нәтижесі шыққан соң қосымша жарияланады", – делінген хабарламада.

Малы ауырғанын мәлімдеген бірнеше азаматтың жылқыларына қазіргі уақытта жергілікті жердегі ветеринар мамандары симптоматикалық емдеу жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ облыс әкімдігі өңірге Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мамандарын алдырды. Олар 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында аталған аудандарда сынама алып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысының Құрманғазы ауданында белгісіз дерттен жылқылар қырылып жатқанын хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр