AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысындағы Ойыл, Жем, Сағыз өзендері мүлде жойылудың алдында тұр

Атырау облысындағы Ойыл, Жем, Сағыз өзендері экологиялық апаттың алдында тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Аймақтағы өзендер мүлде жойылып, өзен бойын жағалап отырған ел сусыз қалуы мүмкін. Мұны жауапты органдар табиғи құбылыс деп отыр. Ал жергілікті халық өзеннің түгесілуіне адами фактордың әсер еткеніне сенімді.

Биліктегі табиғатты қорғаушылардан үміттері үзілген Атырау облысы Қызылқоға ауданының белсенділері қолдарына дрон құрылғысын алып, Ойыл өзенінің бастауынан бастап бейнежазбаға түсірген. Сөйтіп, Ақтөбе облысы аумағынан Ойыл өзенінің бойына қойылған 40-қа жуық заңсыз бөгетті анықтапты.

Ойылдың бойын жайлаған Атырау облысы Қызылқоға ауданының халқы соңғы жылдары судан әбден тарықты. Биыл ғана азын-аулақ су келіп жатыр. Бұған дейін сай-сала құрғап, шаруалардың күнкөрісі қиындаған. Ел талай жыл табиғат қорғаушыларынан да көмек сұрады. Бірақ еш нәтиже болмаған соң, белсенді азаматтар себебін білу үшін мәселені өз қолдарына алған. Олар Ақтөбе облысынан бастап арна бойымен дрон ұшырып, 40-қа жуық заңсыз бөгетті анықтапты.

"Біз Қызылқоға ауданы жанашырлары, Ойыл жанашырлары Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда ауылының азаматтары осы мәселені көтеріп келеміз. Мақсатымыз Ойыл өзенінің тартылу себептерін анықтау болатын. Сол үшін 2 рет экспедиция, 3 рет конференция ұйымдастырдық. Ойыл өзенінің тартылуы құрғақшылықтан емес екенін аңғардық. Иесіз бөгеттің өзі 40-тан үстіне шығып тұр. Бұл дегенің Ойыл өзенінің бассейніне құятын барлық сайлар, жыралар тегістей бітеліп жатыр", - дейді Атырау облысы Қызылқоға ауданы тұрғыны Есенбай Нұров. 

Қызылқоғалықтардың айтуынша кейбір арналарды ақтөбелік кәсіпкерлер бөгеп алса, кейбірі Кеңес кезеңінен бері болуы мүмкін. Алайда су ресурстарын бақылаушы орган бұл бөгеттер бұрын болмаған дейді. Айтуларынша бұл заңсыздықтарды атқарушы органдар анықтауы тиіс екен.

"Әлеуметтік желіде шыққан бөгеттер бойынша тізімдемесін жасадық. Ақтөбе облысының ресми орындарына ресми хат жолдадық. Бұл бөгеттерді бұзу жөнінде. Себебі Ақтөбе облысы әкімдігімен 2021 жылдың 1 қаңтарына жасақталған интерактивті құрылғылардың тізбесі бар. Сол тізбелердің ішінде бұл бөгеттердің ешбірі көрсетілген жоқ. Сонда бізде де мәлімет жоқ, Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарында да бұл туралы мәлімет жоқ", - дейді Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллин. 

Ақтөбе облысы әкімдігі атыраулық белсенділердің бейнежазбасынан бейхабар секілді. Өйткені Ойыл бойында бөгет жоқ деп отыр. Дейтұрғанмен жуықта экспедицияға шығады екен.

"Ойыл өзенін бөгеп тұрған бөгет жоқ. Жұма күні су ресурстар комитетінің басшысы орынбасары, Жайық-Каспий инспекциясының басшысы және табиғи ресурстар басшысы келеді. Біз сол бөгеттерді зерттейміз. Нақты бар ма? Жоқ па? Қашан салған? Кім салғанын? Экспедицияға шығамыз", - дейді Ақтөбе облысы Табиғи ресурстар басқармасының бөлім басшысы Болат Тасболатов. 

Өзеннің бойындағы бөгеттердің бейнежазбасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне дейін жеткен. Министрліктегілер де бұл бөгеттердің коммуналдық меншікте жоқтығын, сондықтан Ақтөбе облысына арнайы комиссия жіберіп заңсыз бөгеттерді жоюға тапсырма берілгендігін айтты. Сондай-ақ, бұл комиссия тек Ойылды ғана емес, өңірдегі Жем және Сағыз өзендерінің жағдайымен де танысады екен.


Жайық өзені жоғалып кетудің алдында тұр: Депутаттар мәселеге алaңдаушылық танытты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр