Атырауда өрттен қаза тапқан үш баланың отбасына көмек көрсетіледі
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қаза болған балалардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау облысы аймақтық коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ облыс әкімі қаза болған балалардың отбасына материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді.
"Махамбет ауданындағы Ортақшыл ауылында болған өрт кезінде қаза тапқан балалардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын. Бұл біздің ортақ қайғымыз. Облыстың барлық тұрғындары ата-аналардың қайғысына ортақтастығын білдіреді. Қаза тапқан балалардың отбасыларына Атырау облысы әкімдігі атынан материалдық көмек көрсетіледі. Қайғыларыңызға ортақпын", – делінген әкім телеграммасында.
Айта кетсек, бұған дейін Атырау облысында қорада болған өрттен кейін үш баланың мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ