Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында жол апатынан бір адам опат болды

28 қаңтарда Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болып, екеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жол апаты "Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы" бағытындағы тасжолдың 523-шақырымында болған. 

“Жол бойында 64 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан "КамАЗ" бен "Skoda" автокөлігі соқтығысып қалды. Жеңіл көліктің рулінде 67 жастағы зейнеткер болған. Соққы салдарынан жол-көлік оқиғасы тіркелген орында "Skoda" автокөлігіндегі 1960 жылғы жолаушы көз жұмды. Осы көлікте болған екі адам ауруханаға жеткізілді", – делінген полиция хабарламасында. 

Полицияның баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес жыл басынан бері аталған жол бойында бірнеше рет жол апаты тіркеліп отыр.

"Мәселен, 21 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 7:30-да Атырау облысы арқылы өтетін "Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы" бағытындағы жолдың 502-шақырымында "ВАЗ-2114" автокөлігі жол апатына ұшырады. Көлік жүргізушісінің басқару жүйесін игере алмағаны анықталды. Сол күні сағат 10:40 шамасында аталған тас жолдың 376-шақырымында тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол бойында "Lada Priora" мен "УАЗ" автокөліктері соқтығысты", – деп қосты баспасөз қызметі. 

Талқылау