Атырау облысында жасөспірім мотоциклмен 8 жасар баланы қағып өлтірген
Атырау облысында жасөспірім баланы қағып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Қайғылы оқиға 18 мамыр күні сағат 15:25-те Атырау облысында Индер ауданы Бөден ауылында болды. Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, мотоцикл мінген 16 жастағы жасөспірім сегіз жасар баланы қағып кеткен. 1-сынып оқушысы ауыр жарақат алып, Индер аудандық ауруханасына бара жатқан жолда мерт болды.
Тәртіп сақшылары наурызда бұл жасөспірімге жүргізуші куәлігінсіз мотоцикл жүргізгені үшін әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті. Алайда осыдан кейін адам өліміне әкелген жол апатын жасады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген