Атырау облысында улы өрмекшілердің кесірінен мал қырылып жатыр
Атырау облысы Индер ауданында малдарды улы қарақұрт өрмекшілері жаппай шағып, жаралап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда қарақұрт шағуынан барлығы 108 түйе, 3 жылқы және бір сиыр зардап шеккен. Оның ішінде 16 түйе қырылған.
Қалған малды жануарлардың қожайындары антибиотиктермен емдеуде. Бүгінгі таңда Көктоғай, Елтай, Есбол, Бүркіт, Жарсуат және Боден ауылдарында жағдай ушығып кетті. Маусым айында өрмекшінің шағуынан 10 адам зардап шегіп, аудандық ауруханаға түскен.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі