Атырау облысында тұтас жоғалып кеткен отбасының балаларын іздеу тоқтатылды

Фото: Атырау ПД
Жангелдин ауылында хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұрған Наурыз бен Мирамгүлді іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АқЖайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиевті іздеу тоқтатылғанын мәлімдеді.
Департамент құтқару бөлімшелері облыстық полиция департаментінің ресми өтініші бойынша іздеуге жіберілгенін және ауылды зерттеуге көмектескенін түсіндірді.
"Полиция анықтаған барлық аумақ толық тексерілді. Қазір полиция департаментіне іздеуді жалғастыру туралы жаңа хабарламалар немесе өтініштер түскен жоқ", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кеткен еді. Отбасы 2025 жылдың күзінде жоғалған. Іздеудегі адамдар 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, олардың балалары 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев. Отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Артынша отбасының үйінің ауласынан ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның мәйіттері көмілген күйде табылды. Олардың балалары әлі де із-түссіз жоғалғандар қатарында.
Полиция отбасының екі мүшесін өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті – отбасының 29 жастағы күйеу баласы, Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев. Полиция күдіктінің қайда екенін білетінін және жақын арада тұтқындайтытын мәлімдеді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты