Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза болды
Атырау облысында республикалық маңызы бар Доссор – Құлсары – Бейнеу тасжолының 31-ші шақырымында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ATPress.kz порталына сілтеме жасап.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 маусым күні сағат 16:00 шамасында болған.
Тас жолда Toyota Hiluxe мен Hyundai Tucson соқтығысқан. Оқиға салдарынан Hyundai Tucson көлігінің 1985 жылы туған жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Toyota Hiluxe көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн