Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында сұмдық жол апатынан 9 адам көз жұмды

Атырау облысында сұмдық жол апаты орын алып, 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: azh.kz сайтынан

Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

"Бүгін 4 қазан күні Атырау облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. Атырау-Ақтөбе бағытындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, салдарынан екі көліктің жүргізушісі, жолаушылар – барлығы 9 адам түгелдей көз жұмды. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың аты-жөндері анықталуда, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп жазды министр.

дтпСурет: azh.kz сайтынан

Бұған қоса ол Павлодар облысында болған жол апаты жайлы айтып кетті. 

"Тасжолдың бойында ВАЗ-21041 автокөлігі мен МТЗ тракторының тіркемесі соқтығысып, жеңіл көліктің жүргізушісі және оның барлық төрт жолаушысы мерт болдый, - деді Тұрғымбаев.

Министр жол-көлік оқиғаларының 96% жүргізушілердің кінәсінен орын алатының атап өтті. Сөзінше, патрульдік кезекшіліктер және бейнекамералар жоқ автожолдар мен тас жолдардарда жүргізушілер өрескел ереже бұзушылықтар жасайды.

"Нақтырақ айтқанда, жылдамдықты шамадан тыс арттырып, тыйым салынған және қауіпті аймақтарда алдыңғы көлікті басып озуға тырысады. Ал мұндай желігудің соңы көбіне қайғылы апатқа, орны толмас өкінішке ұрындырып жатады" -, деді министр.

STAN.KZ
Жексенбі, 04 Қазан, 2020 18:42
Талқылау