AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында суға батып кеткен аудан әкімінің денесі табылды

Атырау облысында суға батып кеткен Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишовтың мәйіті өзеннен табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі әкімнің денесі табылғанын мәлімдеді.

"Бүгін түнде Жайық өзенінен Махамбет ауданы әкімінің мәйіті табылды. Қазір құқық қорғау органдары бұл фактіні тексеріп жатыр", – делінген хабарламада.

Ринат Джанглишов 2021 жылдың ақпанында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол әріптестерінің есінде өз ісінің кәсіби маманы ретінде қалғаны атап өтілді.

"Атырау облысының әкімі және барша әріптестері Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", – деп хабарлады әкімдік.

Қайғылы оқиға 31 шілдеде күндіз Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болды. Ринат Джанглишов белгісіз жағдайда Жайық өзеніне батып кетті. Сүңгуірлер оның денесін бір тәулікке жуық іздеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр