Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында су тасқынынан жолдар жабылды

Атырау облысында су тасқынынан тас жол су астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Атырау облысында еріген қар суы жолдың бетінен асып кетті. "ҚазАвтоЖол" Атыраудан Махамбет ауылына және одан әрі Индер ауылына баратын тас жол жабық екенін мәлімдеді.

31 мамыр күні 19:00-де Атырау облысында "Махамбет ауылы-Ерғалиев ауылы" тас жолының 13-14 шақырымында судың тасуына байланысты жүк көліктердің қозғалысы шектелді.

Учаскеде жол қызметкерлері жол белгілері мен сигналдық тіректерді орнатты.

Енді "ҚазАвтоЖол" сайтындағы жедел ақпарат картасына сәйкес, көліктің барлық түрлері үшін мына жолдар жабық:

  • Атырау-Орал тас жолының Атырау қаласынан Махамбет ауылына дейінгі учаскесі;
  • Атырау-Орал тас жолының Махамбет ауылынан Индер ауылына дейінгі учаскесі.
  • Атырау-Орал тас жолының Индерден Атырау облысының шекарасына дейін және Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейінгі учаскелерінде жүк тасымалына шектеулер енгізілді.
Талқылау