Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында сот үкімімен ақталған әкімнің орынбасары жаңа лауазымға тағайындалды

Атырау облысында Қайрат Нұрлыбаев Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол сот үкімімен ақталып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап. 

Қайракт Нұрлыбаев

Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов Махамбет аудандық мәслихат депутаттарына жаңа әкім кандидатурасын таныстырған. Кандидатураны Президент әкімшілігі мақұлдады. Бұған дейін бұл қызметті Ринат Жанғылыш атқарған, алайда шілдеде көз жұмған еді. 

Бұған дейін Қайрат Нұрлыбаев сенім артып берілген мүлікті топ болып жымқыру немесе талан-таражға салу ісі бойынша сотты болған. Ол "Бұйырғын" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Бисембаевпен бірге 83 миллион теңгені талан-таражға салды деп айыпталды. Сот шешімімен күдіктілер қылмыс құрамының болмауына байланысты кінәсіз деп танылған.

Еске салайық, Атырауда №2 қалалық соты бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев пен "Бұйырғын" ӘКК төрағасының орынбасары Нұрлан Бисембаевты кінәсіз деп таныған еді. 

Талқылау