Атырау облысында шенділер әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген бюджет қаржысын жымқырған
Атырау облысында облыстық құрылыс басқармасының лауазымды қызметкерлері мен "Техника-Рем строй" ЖШС басшысына қатысты бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.
Бюджет қаржысы мектеп, екі отбасылық амбулатория, дене шынықтыру-сауықтыру кешені сынды әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген.
Атырау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаментінің мәліметіне сәйкес, бюджеттен 467 миллион теңге жымқырылған.
ЖШС басшысына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпас шарасы тағайындалды. Сонымен қатар жалпы сомасы 79 миллион теңге болатын ЖШС мүлкіне тыйым салынды. Ал құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы мен тапсырыс берушілердің бірі үй қамаққа қамалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”