Атырау облысының тұрғындары өңірде қаптаған сарышаяндарға шағымданды
Атырау облысында қазанның басынан бастап 23 адамды сарышаян шаққан. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
1 және 19 қазан аралығында жедел жәрдем қызметіне сарышаян шаққаны туралы 23 хабарлама келіп түскен.
"Хабарласқандардың басым бөлігі улы жәндіктер көп кездесетін ауылдық аймақта, жеке үйлерде тұратындар. Жедел жәрдем қызметі сарышаян шаққандарға алғашқы көмек көрсетеді. Жағдайына байланысты стационарға жатқызылады. Негізінен зардап шеккендер үйінде, амбулаторлық бақылауда болады", – деді ведомстводағылар.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн