Атырау облысында президент резиденциясы балалар лагері болып өзгереді
Атырау облысында президент резиденциясының орнына балалар лагері ашылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сюжеттен скриншот
Келесі жылдан бастап асхана мен 300 адамға арналған жатақхана құрылысы басталады. Бұл үшін бюджеттен 96 миллион теңге бөлініпті. Ал нысан "Таланттарды анықтау және қолдау" облыстық орталығының балансына беріліпті.
Қазір аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Лагерді Балаларды қорғау күніне орай ашу жоспарланған. Сондай-ақ мұнжа 36 жұмыс орны пайда болады.
Сюжеттен скриншот
"Оқу-ойын-сауық орталығы облысқа ауадай қажет. Мұнда балаларды олимпиадалар мен ғылыми жобаларға жан-жақты дайындайды. Сонымен қатар демалыс кезінде нысан демалыс және білім жетілдіру орталығы ретінде жұмыс істейді", – деді білім басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”