Атырау облысында пойыз жеңіл көлікті қағып кеткен: Жолаушы көз жұмды
Атырау облысында жеңіл көлік теміржол жолағына шығып кетіп, жүк пойызымен соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Бүгін Мақат ауылынан 20 шақырым жерде "Лада Гранта" көлігі темір жол өткелінен өту ережесін бұзып, жүк пойызымен соқтығысқан.
Салдарынан Lada Granta көлігінің 44 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал 23 жастағы жүргізуші ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан жолаушының денесін көліктен "Холматро" арнайы құралының көмегімен шығаруға мәжбүр болды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн