Атырау облысында пандемия басталғаннан бері сегізінші рет бас санитар дәрігер ауысты
Атырау облысында сегізінші рет бас санитар дәрігер ауысты. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына Мәдениет Танауов тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
Танауов 1971 жылы дүниеге келген, 1997 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың санитарлық-гигиеналық факультетін бітірген. Осы уақытқа дейін Орал қаласының бас санитарлық дәрігері болып жұмыс істеді.
Басылымның мәліметінше, бұған дейін аталған лауазымды атқарған Амантай Жұмағалиев Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметіне қайта оралған.
Айта кетейік, Атырау облысында COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері сегізінші рет бас санитар дәрігер ауысты.
Талқылау