Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында мұнайшылар жалақыларының сағатпен есептелуін талап етті

Атырау облысының Теңіз кенішінде мұнайшылар бас көтерді. "Теңізшевройлдың" мердігер компаниясы "ҚазСтройСервис" жұмысшылары еңбекақыларының белгіленген сомада емес, сағатпен есептелуін талап етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтарына сілтеме беріп.

"5 минутта шешілетін әңгіме. Қазір шығамыз", - десті наразылық білдіргендер.

Сондай-ақ, жұмысшылар еңбек жағдайларындағы кемшіліктерді түзетуді талап еткен. Жұмыстан бас тартып, шу шығарған олардың шағымдарын жергілікті әкімдік өкілдері тыңдады.


Жаңаөзенде мұнайшылар наразылыққа шықты 


Наразылар Жылыой аудандық прокуратурасына және еңбек инспекциясына арыз жазып берген. Инспекторлар тексеру тағайындалғанын айтты.

Назерке Мұса
Сенбі, 08 Мамыр, 2021 11:00
Талқылау