Атырау облысында малшы зымыран снарядын тауып алды
Атырау облысындағы Сүйіндік ауылының маңында малшы зымыран снарядын тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Снаряд 24 қыркүйекте мал жаю кезінде табылған.
"Атырау облысында Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылынан 3 шақырым жерде зымыран снарядының конус пішіндес корпусы табылды", – делінген хабарламада.
Әзірге снарядтың атауы мен техникалық сипаттамасы анықталып жатыр. Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеу бастаған.
Айта кетейік, Атыраудан полиция департаменті "Арлан" арнайы бөлімінің саперлері оқиға орнына аттанды.
Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Данияр Сабыровтың сөзінше, құзырлы органдарға хабар берілген, снаряд табылған орын қоршалыпты. Зардап шеккендер жоқ.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”