Атырау облысында құстардың жаппай қырылуының себебі белгілі болды
Атыраудаға "Ақ Жайық" табиғи мемлекеттік резерватында құстардың қырылуына жұқпалы пастереллез себеп болған. Елордада жасалған сараптама қорытындысы осыны көрсетіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.
Алайда қанаттылардың кеселді қайдан жұқтырғаны белгісіз. Өйткені су мен топырақтан және балықтан алынған сынама қорытындысында бұл дерттің белгісі байқалмаған.
"Бұл құстар үй құсы емес, жабайы құстар. Олар Каспий теңізінен келіп, ұя, балапан салатын құстар. Көктемде келіп, күзде қайта ұшады. Құс өлімі белгісіз себеппен болғандықтан, әрі қарай тағы зерттеледі", - деді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашев.
Каспий теңізінің жағасында жабайы құстар осыдан үш апта бұрын өле бастаған. Осы уақытқа дейін суқұзғындар мен шағалалардың 150-ден астамы қырылыпты. Олардың пастереллезден өлгенін естіген жергілікті тұрғындар үрейленіп отыр. Өйткені аталмыш дерт жан-жанаурлардан адамға да жұғады. Сондықтан мамандар қауіпті инфекцияның тұрғындарға тигізер зиянын да анықтап жатыр.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
