AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адам өліміне айыпты болса да, жұмыс істеуде": Атырау облысында қос дәрігерге қатысты сот процесі басталды

Атырау облысында дәрігерлерге қатысты сот процесі басталды. Бұл жолы Құрманғазы аудандық ауруханасының хирургі мен реаниматологі айыпталған. Олар абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет бойынша жауап беруде. Егер кінәлары дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ісі сотта қаралып жатқан қос дәрігер, әзірге қызметтерін жалғастыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

дәрігерлер

44 жастағы облыс тұрғыны Бекдидар Көргенәлиев 2020 жылдың 29 желтоқсанында өзін жайсыз сезінген соң дәрігер көмегіне жүгінген. Ақ халаттылар "пневмония" диагнозын қойып, ауруханаға жатқызыпты. Туыстарының айтуынша, ПТР нәтижесі шықпай жатып, ковидпен емделіп жатқан науқастардың қасына орналастырған. Екі күннен соң жағдайы тіпті нашарлаған. Ал Жаңа жыл мерекесінде ауруханада кезекші дәрігер болмай, оны үйінен полициямен алдыртқанын айтады. 

"31-і күні кезекші дәрігер болған жоқ. Оны үйінен алып кету үшін полицияның көмегіне жүгінуге тура келді. Дәрігерлердің салғырттығынан 2021 жылдың 1 қаңтарында ағам көз жұмды. Одан кейін бір жылға жақын уақыт өтті. Іс егжей-тегжейлі зерттелді. Ақтөбе облысының сот сараптамасының мамандары ағамды дүрыс емдемегендерін дәлелдеп берді және керекті дәріні салмағандарын, керексіз дәрілермен емдегенін дәлелдеп қорытынды шығарды", - дейді марқұмның қарындасы Ика Сейітжан.

Сол кездері ауруханада қажетті дәрі-дәрмек те болмапты. Марқұмның туыстары жағдайды ашып айтқанда облыс орталығына алып кетер едік дейді. Жалғыз ағасынан айырылған Ика Сейітжан ақ халаттылар тіпті кешірім сұрап та келмеді деп отыр.  

Қазір 37 жастағы реаниматолог пен 30 жастағы хирургке қатысты сот процесі басталды. Оларға кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет  бабымен айып тағылған. Дегенмен аурухана басшылығы басы дауға қалған қос дәрігер қызметін жалғастырып жатқанын айтты.    

"Ол кісілер жұмыста. Оларға қатысты сот процесі басталып жатыр. Сот біткеннен кейін белгілі болады. Емдеу ісі жөніндегі қосымша орынбасар қызметін атқарды. Қазір одан босатылып, дәрігер хирург болып істеп жатыр. Екіншісі реаниматор болып қызмет етеді", - деді Құрманғазы аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Светлана Хамзина. 

Светлана Хамзина тәртіп бойынша кезекші дәрігер кешкі сағат 21:00-ден таңертеңге 9:00-ге дейін аурухана ішінде болуы тиіс дейді. Ақ халаттылардың бейқамдығы мен салғыртығынан қайтыс болды деген марқұмның туыстары соттың әділ жаза тағайындауын күтіп отыр. Егер дәрігерлердің кінәлары сотта дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр