Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында көлік жолаушысы мен полицейлер атыс ұйымдастырды

Атырау облысында түнде көлікті жылдамдықпен айдаған жүргізуші мен жолаушы полицейлерге оқ жаудырды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға түнгі сағат шамасында Жылыой ауданы Майкөмген ауылының маңында болған. Полиция қызметкерлері УАЗ 390945-441 көлігін тоқтатуға тырысқан. Алайда оның жүргізушісі заң талаптарға бағынбаған.

Кейін полицейлер оның соңына түскен. Көліктің жолаушыларының бірі полицейлердің "Нива" автокөлігіне оқ жаудырды. Жауап ретінде тәртіп сақшылары табельдік қарудан бір рет ауаға ескерту оғын атқа, содан кейін тәртіп бұзушылардың көлігінің дөңгелектеріне дәлдеген. Осыдан кейін ғана УАЗ тоқтады.

"Нәтижесінде оқиға орнында 1995 жылы туған Маңғыстау облысы Боранқұл ауылының тұрғыны ұсталды. Одан тіркелмеген 16 калибрлі ИЖ маркалы аңшылық мылтық тәркіленді", - деді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Талқылау