Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында қызы қосымша алимент төлеуді талап етіп, әкесін сотқа берді

Атырау облысы Жылыой ауданында қосымша алимент төлеуде талап еткен қызы әкесінің үстінен азаматтық шағым түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сот

Сот анықтағандай, жауап беруші қызын қамтамасыз ету үшін 18 жасқа дейін алимент төлеп келген. Алайда кәмелетке толған соң алимент төлеуді тоқтатқан. 

Қыз сотқа әкесінен жоғары оқу орнының ақысын төлеу үшін 150 мың теңге өндіру мақсатында арыз түсірген. 

Сот отырысында екі тарап медиативті келісімге келді. Ол бойынша әкесі ай сайын 45 мың теңге көлемінде алимент төлейді, ал қызы өз арызын кері қайтарған. 

Талқылау