Атырау облысында қираған көліктің жанында мас күйінде жатқан полицейдің видеосы тарады
Желіде Атырау облысында мас полицейдің видеосы пайда болды. Облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеода жол апатына ұшыраған көліктің қасында ер адамның мас күйінде жатқанын көруге болады. Үстінде азаматтық киім болғанымен, ер адам полиция шалбарын киіп алған. Кейін ер адамның шынымен де тәртіп сақшысы екені белгілі болды.
Видеоның Жылыой ауданында түсірілгені хабарланды. Видеодағы – Жаңа Қаратон ауылына бекітілген учаскелік полиция инспекторы. Атырау облысының полиция департаменті қызметкердің ішкі істер органдарынан келеңсіз себептермен жұмыстан шығарылғаны туралы мәлімдеді. Ер адаммен бірге жергілікті полиция қызметінің Жылыой аудандық бөлімінің бастығы да қызметінен босатылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”