Атырау облысында каратин күшейтіледі
13 қазан сағат 00: 00-ден бастап Атырау облысында карантиндік шаралар күшейтіледі. Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді.
Қоғамдық тамақтану орындарының, мейрамханалар мен кафелердің, сондай-ақ ірі супермаркеттердің жұмыс уақыты 22.00-ге дейін қысқарады.
Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
Ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктер), сауда желілерінің жұмыс уақыты 22.00-ге дейін қысқарады.
Жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорт секцияларының, спорт-сауықтыру орталықтарының қызметі тоқтатылады.
Серуендеу катерлерінің (өзен трамвайының) қызметіне тыйым салынады.
Демалыс және мереке күндері:
Азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылады.
Азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысы тоқтатылады.
Қоғамдық орындарда маска тағу режимін сақтау маңызды болып қала береді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
