Атырау облысында депутат жұмысшыны соққыға жыққан (видео)

Атырау облысында депутат жұмысшыны соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғыны AMANAT партиясының жергілікті депутаты әрі қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Құлбаевқа ұқсайтын ер адамның жұмысшыға соққы жасағаны көрсетілген видео жариялады.
Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын зерттеп, жанжалға қатысқандардың жеке басы анықталғанын хабарлады.
Полиция жұмысшыға шабуыл жасаған ер адамды “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша жауапқа тартқан. Ал жәбірленуші арыз жазудан бас тартып, медициналық көмекке жүгінбепті.
Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс депутаттарының бұрын сотты болғаны туралы ақпарат тараған еді.
"Ауа температурасы +8°C-тан жоғары болуы керек": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі