Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір минуттан кейін өліп кетер еді": Атырау облысында дәрігерлер суға батқан баланың өмірін сақтап қалды

Атырау облысы Жылыой ауданында өзенге құлап кеткен баланы дәрігерлер аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

"Ауруханаға хабар түсе сала құтқарушылар айтылған жерге бірден аттанды. Оқиға орнына үш минутта келіп жеттік. Баланың ата-анасы оның Құрсай өзенінің маңында ойнап жүріп, суға құлап кеткенін айтады. Әкесі баланы судан шығарып үлгерген, десек те бүлдіршін біраз су жұтып үлгеріпті. Құтқарушылар келгенде бала көгеріп, тыныс алуға нашарлап, денесі салқындай бастады. Тағы бір минут өткенде бала өліп кетуі мүмкін еді", - дейді жедел жәрдем қызметкері Ботагөз Бақытжанова. 

Ақ халаттылар уақыт жоғалтпай, баланың өкпесінен суды шығарып, өнің жүрегіне массаж жасапты. Жасанды тыныс жасалып, оны көрпемен орап, ауруханаға жеткізген. Қазіргі таңда оның өміріне төнетен қауіп жоқ дейді мамандар. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр