Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында бюджет есебінен сатып алынған 160 пәтер кезекте тұрған азаматтарға берілмеген

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті Атырау облысы бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізген аудитінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы комитеттің сайтында жазылды.

үй

Тексеру барысында қалалық құрылыс бөлімі аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін жалпы құны 1,4 млрд теңгені құрайтын ауданы 60 шаршы метрден аспайтын 173 пәтер сатып алғаны белгілі болды. Алайда 21 айдан бері жергілікті атқарушы органның кезегінде тұрған азаматтарға құны 1,3 миллиард теңге болатын 160 пәтер берілмеген. 

Сондай-ақ, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ коронавируспен күресу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан қызметкерлерге жалпы сомасы 105,9 млн теңгені негізсіз төлеген.

Бірақ балабақшалардағы, апатты және үш ауысымдық мектептердегі басымдық мәселелерін шешу қамтамасыз етілмеген. Балабақшалардағы орындарды көбейту шаралары 28 мың орын тапшылығын шеше алмайды.
Көлік және автомобиль жолдары басқармасының есеп берулерінде де дәлсіздіктер анықталған, бұл 2025 жылға қарай жолдың жақсы және қанағаттанарлық индикаторын 95%-ға жеткізу бойынша үкіметтің тапсырмасын орындамау қаупін тудырады.

Сонымен қатар Доссор ауылында кәріз желілерін тарту жобасын жоспарлау кезінде ағынды сулардың бағытын шешу жолдары пысықталмаған.



Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша ұзындығы 35 шақырымды құрайтын Мақат елді мекеніне қарай жоспарланған сарқынды су ағындарының бағыты экономикалық тұрғыдан негізделмеген және бюджеттің 3,9 миллиард теңгеге шамадан тыс шығындарына әкеп соғады, деп есептейді комитет.

"Тексеру нәтижелері бойынша Есеп комитеті заңнаманы жетілдіру бойынша үкіметке тиісті ұсыныстар айтты. Атырау облысының әкіміне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау және қолданыстағы заңнаманы бұзған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру тапсырылды", - деді комитетте.

40 құқық бұзушылық фактісі бойынша материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға жолданды.

Қаржылық бұзушылықтардың бүкіл сомасы 10,9 млрд теңгені құрады. 

Талқылау