AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында бұрынғы әкім пара алғаны үшін сотталды

Атырау облысында Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінің бұрынғы әкіміне қатысты үкім шықты. Сондай-ақ сот отырысында шенеунікке пара берген кәсіпкер де жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” басылымына сілтеме жасап.

пара

Қылмыстық іс Құрманғазин аудандық сотында ҚР ҚК-нің "Аса ірі мөлшерде пара алу", "Аса ірі мөлшерде пара беру", "Қызметтік жалғандық", "Құжаттарды қолдан жасау" баптары бойынша қаралды.

Сот анықтағандай, әкім шарт жасасып, тіркеуші органға ресми құжаттарды ұсына отырып, тендерде артықшылықты қамтамасыз еткені үшін ЖШС директорынан 800 мың теңге көлемінде пара алған. Екі айыпталушы да өз кінәларын толық мойындады. Сот жаза тағайындау кезінде бұрынғы әкімнің асырауында мүгедек баласы барын, ал кәсіпкердің қарт ата-анасы бар екенін ескерді.

Нәтижесінде біріншісіне 32 миллион теңге, екіншісіне 16 миллион теңге айыппұл салынды.

Еске салайық, бұған дейін сот Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылдық округінің әкіміне қатысты қылмыстық істі қарап жатқаны белгілі болған. Шенеунікке пара алды деген айып тағылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр