AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында биыл 5 мектептің құрылысы басталады

Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрберген Құсайынов биыл республикалық бюджет қаражаты есебінен Атырау қаласында 600 орындық 4 мектеп пен Индер ауданында 300 орындық мектеп-интернаттың құрылысы басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыста 2021 жылы 4 мектептің құрылысы аяқталған. Атап айтсақ, Қызылқоға ауданының Мұкыр ауылында 424 орындық орта мектеп, Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында 580 орындық орта мектеп, Атырау қаласының "Береке" ықшам ауданында 1200 орындық орта мектеп бой көтерді. Сонымен қатар Индербор кентінің Көктем орта мектебіне 80 орындық жапсаржай салынды. Қазір Атырау қаласы мен Жылыой, Индер, Махамбет, Исатай аудандарында 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр. 

Денсаулық сақтау және мәдениет пен спорт салаларында да жаңа нысандар халық игілігіне беріліп жатыр. Құрманғазы ауданының Асан ауылында 25 келушіге арналған медициналық пункт бой көтерді. Атырау облыстық перинаталдық орталығы аумағында салынған кір жуу ғимараты пайдалануға берілді. Сонымен қатар Жылыой ауданы Құлсары қаласында 200 орындық инфекциялық аурухана қазір халыққа қызмет көрсетіп отыр. 

Биыл Атырау қаласы мен Индер, Исатай, Қызылқоға, Жылыой аудандарында 10 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Құрманғазы мен Қызылқоға аудандарында 700 орындық 3 мәдениет үйі салынуда. Сонымен қатар 2021 жылдың қазан айында басталған Махамбет ауданы Сарайшық ауылындағы Сапар орталығынның құрылысын осы жылдың аяғына дейін бітіру жоспарланып отыр.

“Биыл NCOC компаниясының Әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасы бойынша Құлсары қаласында 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Исатай ауданының Аққыстау ауылында, Қызылқоға ауданының Миялы ауылында, Махамбет ауданының Махамбет ауылында, Құрманғазы ауданы Кадырка селосында және Мақат ауданының Доссор кентінде осы типтегі 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үй салу жоспарланып отыр”,- деді Н.Құсайынов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр