Атырау облысында ауылдық округті бір әкім 16 жыл бойы басқарған
Фото: freepik.com
Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округіне 16 жыл әкім болған Шапхат Қалиев қызметінен кеткен. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жергілікті белсенді Рүстем Баязиевтің айтуынша, Қалиев Шапхат Қарашұлы 16 жылдан бері Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округінің әкімі болып келеді. Тұрғындар округтегі тұрақты бейберекетсіздіктен шаршаған және оның отставкасын талап етуде. Шапхат Қарашұлының сексенге келгенше әкім болатын түрі бар дейді. Журналист осы шағымдар бойынша тексеріс жүргізілді ме, қандай да бір шешім қабылдау жоспарланып отыр ма, жалпы әкімдердің бір орында ұзақ отыруы жайлы не ойлайсыз деп сұрады.
"Шапхат Қалиев қазір әкім болып жұмыс істемейді. Ол тұрғындардың өзі сайлаған әкім. Әрине, әртүрлі айтады, біреу қолдайды, біреуі даттайды деген секілді. Ауылдық округ әкімдерін халық өзі сайлайды, сондықтан қанша жыл және қалай болады оны халық өзі шешеді. Мендегі ақпарат бойынша ол кісі қазір әкім емес", - деді өңір басшысы.
Айьа кетейік, бұған дейін облыс әкімі Серік Шәпкенов Атырау облысының шалғай елдімекендеріне барған дәрігерлерге 10 миллион теңгеден берілетінін айтқан болатын.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді